Мамлют ауданының тұрғыны полицияға шағым жасап, өзінің интернет алаяқтарға алданып, 180 мың теңгесінен айырылып қалғанын айтқан. Аудан тұрғыны интернеттен «Mazda» автокөлігінің қозғалтқышы мен беріліс қорабы сатылатыны туралы хабарландыру оқып, оған хабарласқан.
«Сатушының» қосалқы бөлшектер бес күнде жетеді деген сөзіне сеніп, алдын ала төлем жасаған. Осыдан кейін қаскөймен арадағы байланыс үзіліп, қоңырауға жауап берілмеген.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы – «алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның полиция қызметкерлері бұл іске Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Ол жедел уәкілдердің оңтүстік астанаға қызметтік іссапары барысында ұсталды.
«Полиция БАҚ пен әлеуметтік желілердің парақшаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және адамдарға интернет-алаяқтардың негізгі схемаларын айтып отырамыз, — дейді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
https://egemen.kz