«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚТҮТЕК БОРАНДА ЖОЛҒА ШЫҚПАҢЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде бірнеше күннен бері ақтүтек боран ұйтқып соғып тұр. Дауылды дала көзге түртсе көргісіз. Сондықтан алыс жолдарда шығатындарға қауіпсіздік ережесін тағы бір мәрте еске саламыз.

Ең әуелі, ауа райы бол­жамын ескеріп, жол қауіпті көрінсе, сапарды кейінге шегерген дұрыс. Алыс сапарға шығуға жағдай мәж­бүрлеп тұрса, жол бойындағы жа­нармай бекеттері мен тамақтану орындарының қай жерлерде орналасқандығын біліп алыңыз. Одан кейін көлігіңіздің техника­лық жарамдылығына әбден көз жет­кізіңіз. Қай жаққа, не­мен және қа­шан шығып жететіні­ңіз туралы жақындарыңыз хабар­дар болғаны да артықтық етпейді. Олар оқыс оқиға жағ­да­йын­да сізді тез іздеп, құтқаруға көмектесетіндері сөзсіз. Он­дайда телефон қолы­ңыз­да болса, құба-құп. Сапарға шыққанда жылы киініп, азық-түлікті, ыстық шай құйылған термосты, бір­неше майшамды, медицина­лық қобдишаны өзіңізбен бірге ала жүруді де ұмытпаған абзал.
Автокөлікпен келе жатып алдағы күртік қарды жарып өтем деу бос әурешілік. Дұрысы – қолға күрек алып, жолды барынша тазалау. Ал егер боранды күні жолда қалсаңыз, көлікті желдің ығына орналастыруға тырысыңыз. Қолыңызда телефон болса, бірден тәулік бойы жұ­мыс істейтін “112” телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Сосын көліктің әйнектерін жауып, моторын матамен қымтаңыз. Жылынамын деп көлікті оталдырған уақытта газ шығаратын түтіктің бітеліп қалмағанын, тексеріп алыңыз. Өйткені, газ аяздан да қауіпті. Ал көлік қар астында қалса, қозғалтқышты мүлдем қоспау керек. Егер жолда бірнеше көлік қалса, тез жылыну үшін жолаушылардың бәрі бір көлікке отырғандары жөн. Көліктен шыққан уақытта белге арқан байлау қажет. Өйткені, ақтүтек боранда адасып қалу қаупі зор. Құтқарушылардың сізді тез тапқанын қаласаңыз, көліктің жоғары жағына түрлі түсті мата байлап қойыңыз. Бастысы, көлік ішінде ұйықтап қалмаңыз, үсіп қалмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаңыз.

Иван ОНИЩЕНКО,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp