«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ шағым жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде коронавирусқа қарсы іс-шаралардың орындалуын қадағалайтын жедел әрекет ету орталығы жанындағы мониторингтік топ Петропавл қаласындағы бірнеше емдеу мекемесінде болып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын тексерді.

“Qyzyljar – adaldyq alańy”, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және қоғам өкілдерінен құралған топ алдымен облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханада болды. Бас дәрігердің орынбасары Артем Колесник емдеу мекемесінде жағдай тұрақты екенін айтты. Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Жергілікті стационар 50 пайызға толық, 97 науқас ем алуда.
– Өткен аптада қызметкерлерімізді “COVID-19” індетіне қарсы вакцинациялауды бастадық. Бүгіндері вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Он күннен кейін қалған 60 маман бұл процедурадан өтеді. Стационарда жатқан науқастардың басым бөлігі – ауыр халде жеткізілген қала тұрғындары. Қалғандары дәрігердің қабылдауына өз еріктерімен келгендер. Арасында пневмонияға шалдыққандар да бар. Науқастанғандардың үштен біріне жуығы – 60 жастан асқан жандар, жеткіншектер де ем қабылдауда, – деген Артем Колесник соңғы уақытта тұрғындар тарапынан “Жедел жәрдем” көлігін шақырту азайғанын жеткізді.
Бұдан кейін мониторингтік топ екі жүз орындық жаңа модульдік инфекциялық ауруханаға ат басын бұрды. Жұқпалы аурулар ауруханасы әлемдік талаптарға сай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда ауруханада 84 науқас ем қабылдауда. Жыл басынан бері жалпы 528 науқас емделсе, оның 432-сі толық жазылып шыққан. Жан сақтау бөлімшесінің жетекшісі Тимур Әсетовтің айтуынша, 20 орындық бұл бөлімшеде төрт науқас қажетті ем-дом шараларын алуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары, мониторингтік топтың жетекшісі Нұрлан Жахин жыл басынан бергі мұндай тексеріс жұмыстары төртінші мәрте ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp