«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жер учаскелері үшін төлемақы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғаларға өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлеу мерзімі үстіміздегі жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмеуі керек екендігін еске салады.

Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты үстіміздегі жылдың 25 ақпанынан кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салық кезеңі үшін төлемақы төлеу мерзімі шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын есептеуді жергілікті атқарушы орган – “Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі береді.
Төлемақы төлеу Петропавл қаласы бойынша мемлекеттің кірістер басқармасына БЖК 105315, ТМК 911 бойынша жүргізіледі. Төлемдерді екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалары арқылы төлеуге болады.
Лилия ӘБІЛОВА,
Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp