«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында “Altyn urpaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ашылды.

Қосымша білім беру мекемесінде 6-17 жас аралығындағы бала­ларға арналған 19 топ бар. Орталық бір мезетте 200 баланы қабылдай алады. Алайда, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты әзірге үйірмелерге 102 тәлімгер келіп жүр. Оқу ордасы шәкірттерді IT-технология саласына баулуды көздейді. Мұнда робототехника үйірмесінен бөлек, қолданбалы өнер, бизнес пен кәсіпкерлік және топтары жұмыс істейді. Балаларға арналған барлық сабақтар те­гін.
Жаңа орталықтың ашылуына және материалдық техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 60 млн. теңге бөлінді. Жүзеге асырылған жоба­ның арқасында 14 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының
баспасөз хатшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp