Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында “Altyn urpaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ашылды.
Қосымша білім беру мекемесінде 6-17 жас аралығындағы балаларға арналған 19 топ бар. Орталық бір мезетте 200 баланы қабылдай алады. Алайда, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты әзірге үйірмелерге 102 тәлімгер келіп жүр. Оқу ордасы шәкірттерді IT-технология саласына баулуды көздейді. Мұнда робототехника үйірмесінен бөлек, қолданбалы өнер, бизнес пен кәсіпкерлік және топтары жұмыс істейді. Балаларға арналған барлық сабақтар тегін.
Жаңа орталықтың ашылуына және материалдық техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 60 млн. теңге бөлінді. Жүзеге асырылған жобаның арқасында 14 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының
баспасөз хатшысы.