«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕТІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

Соңғы күндері редакциямызға оқырмандардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға қатысты түрлі сұрақтар келіп түсуде. Оларға “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” акционерлік қоғамы облыстық филиалының бас маманы Жұлдыз Әлназирова жауап берді.
– Облыс тұрғындары зей­нетақы жинақтарының бір бө­лігін алу үшін қайда жүгіну­ле­рі керек?
– Егер сіз Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорының тұ­рақты салымшысы болып, зей­нетақы жинақтарыңыздың бір бөлігін тұрғын үйге немесе ем­де­луге пайдалану туралы ше­шім қабылдаған болсаңыз, онда мемлекет белгілеген уәкілетті операторға жүгіну қажет. Үкімет­тің қаулысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры­нан төленетін біржолғы зей­нет­ақы төлемдерін нысаналы пай­далану жөніндегі уәкілетті опе­ратор болып “Отбасы банкі” АҚ-ы және екінші деңгейдегі банктер, атап айтқанда, “Қазақ­стан Халық банкі”, “Altyn Bank” және “БанкЦентрКредит” та­ныл­­ды. Олар біржолғы зейнет­ақы төлемдерін есепке алу, ау­да­ру және қайтару мәселелері бойынша өзара ақпараттық іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін жүзеге асырып, құпиялылықты сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді орындау жөнінде шарт жасасты. Жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерін біріктіру “Электронды үкімет” веб-порталындағы интеграциялық сер­вис арқылы жүзеге асырылады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алу және пайдалану ережелері туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылғанын естеріңізге саламыз. Салым­шының құжаттарын қарағаннан кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға клиенттің өзі айқындаған жә­не өтінімде көрсеткен мөл­шердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібе­реді. Уәкілетті оператордан ха­бар­лама алғаннан кейін БЖЗҚ салымшының тұрғын үй жағдай­ларын жақсарту немесе емде­луге ақы төлеу мақсатында уәкі­летті операторда ашылған ар­найы шотқа зейнетақы жинақ­тарын аударуды 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
– Зейнетақы жинақта­ры­ның бір бөлігін алу кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қа­лай есептеледі?
Мемлекеттік органдар зей­нетақы жинақтарының ең тө­менгі жеткіліктілік шегін айқын­дау әдістемесін әзірледі, содан кейін оны Үкімет бекітті. Зейнет­ақы жинақтарының ең төменгі жет­кіліктілік шегі осы әдістеме­нің ережелеріне сәйкес есепте­леді. Бұл зейнетақы жасына жет­кен кезде зейнеткердің ай са­йынғы табысын қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы капи­талын ең төменгі бір зейнетақы­дан төмен емес мөлшерде қа­лыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл негізгі нысаналы мақсаты болып саналатын зейнетақы тө­лемдері үшін салымшының зей­нетақы шотында сақталуға тиіс ақша сомасы. Ал балама мақ­саттарға зейнетақы жинақ­та­рының шекті мөлшерден аса­тын бөлігін алуға болады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp