«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дүкендерден бірнеше рет ұсақ ұрлық жасаған петропавлдық ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың 38 жастағы бір тұрғыны қаңтар айында ғана үш рет дүкендерден ұсақ ұрлық қылғаны үшін ұсталған. Барлық жағдайда да «екіжақты келісімге келді» деген себеппен ол жазасыз құтылып отырған.

Жуырда оның кезекті рет дүкеннен ұсақ тауар ұрлап тұрғаны бейнекамераға түсіп, оны дүкен иесі әлеуметтік желілерге шығарған.
Дүкеннің қожайыны өзінің полицияға шағым жасауға қолы тимейтінін айтып, тек ұрлық процесін желіге салып қойған. Ұры жазаланбаса қолы біреудің затын алудан қалмайтыны белгілі. Желі қолданушылары осыны айтып шулап жатқан соң полиция дүкен иесінен арыз жаздырып алған. Сөйтіп, сұғанақтың ісін ҚК «Ұсақ ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге ілектірген. Егер ол бұл жолы да жазаланбай «екіжақтың келісуі болды» деген себеппен жазадан босатылса ол өзінің ісін жалғастыра берері сөзсіз. Келісім ұрының одан әрі тайраңдай беруіне мүмкіншілік тудырып отыр. Сұғанақты ерегестірмеуді ойлаған дүкен иелері ұсақ ұрлыққа қол сілтеп, «келісімге» келе салады. Сайып келгенде бұл қоғам тәртібінің бұзыла беруіне соқтырады.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp