«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.02.2021

ОТҚА ТӨЗІМДІ БӨРЕНЕ Жаңа цехтың өніміне сұраныс жоғары

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы арқылы ел ішінде кәсіпкерлікке кең өріс ашылуда. Шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба бойынша несие алғандардың бірі – жас кәсіпкер Нұрбек Смағұлов. Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының тұрғыны ағаш өңдеу цехын ашып, құрылыс материалдарын жасауды қолға алған.

БӘСЕКЕЛЕСТІК — БАСТЫ ҰСТАНЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауында белгілеп берген негізгі міндеттерді орындау басым бағыт болып қала береді. Бүкіләлемдік пандемия тудырған аса күрделі кезеңде бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайтын артықшылығымызға және нақты резервтерге сүйенетін сын сәт туды. Бұл орайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың, иесіз қалғандарын толық айналымға енгізудің, осылайша өнімділікті арттырудың жолдарын қарастыра отырып, …

БӘСЕКЕЛЕСТІК — БАСТЫ ҰСТАНЫМ Read More »

Жоғары лауазымға ауысуға бола ма?

Қызылжар ауданында тұратын оқырманымыз Мұрат Құсайыновтың қандай жағдайларда ауысу тәртібімен басқа мемлекеттік қызметке орналасуға болады деген сауалын мемлекеттік қызмет істері департаментіне жолдаған болатынбыз. Аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Данияр Басығариннен төмендегідей жауап алдық:

ҚҰМҒА СІҢГЕН ҚАРЖЫ Құрып кеткен ауылдарға ауызсу тарту кімге қажет?

Бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуы үйреншікті құбылысқа айналғандай. Мәселен, республикалық Есеп комитетінің ақпараты бойынша, діттеген мақсатына жетпеген жобаларға 2020 жылы 74 млрд. теңге беріліпті. Әсіресе, ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде кемшілік көп.

Жастар адалдық жағында

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан уни­верситетінің “Sanaly ūrpaq” жобалық кеңсесі белсенді студенттер арасында шығармашылық сайыс өткізді. Оның барысында сыбайлас жемқорлықтың алдыну алу мәселесі көтерілді.

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ӨТТІ

Ұясынан күлімдеп шыққан күннің сәулесі ұйқыдан оянған далаға жан бітіріп, жай­ната түсті. Жеңіл жел жас бұта-талдардың сабағын тер­бейді. Шексіз көгілдір аспан осы табиғи сұлулықты қорғауға тырысқандай – дала мен ормандардың үстіне күмбездей төңкерілген. Бұл – самаладай нұрға шомған менің Отаным – Қазақстан.

ЫСТЫҚ ШАЙ, ТӘТТІ БАУЫРСАҚ

Өңірімізде “Ыстық жүрек” акциясы бас­талды. Қайырымдылық шарасының барысында белсенділер таңнан кешке дейін шаһар көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметтер жұмысшыларына тіскебасар таратуда.

Салпаң құлаққа пана

Халқымыз ежелден табиғаттың бір бөлшегі – итті жеті қазынаның бірі санайды. Тіпті, “Бө­рі­нің тәңірі болса, иттің иесі бар”, “Итті тепкенің – ырысты тепкенің” деп, жыл атауына да ен­гіз­ген. Алайда, иесі үшін төртаяқтының бәрі бірдей қадірлі емес. Бүгіндері иесіз қалып, көше қаң­ғыған бұралқы иттер көбейді. Сұғанақ салпаң құлақтарды ветеринар мамандар аулап, көзін жою­да. Ал кейбірін волонтерлер …

Салпаң құлаққа пана Read More »

Қоқиқаз

Қоқиқаз – дене бітімі ерекше, тұм­сығы имек, сирек кездесетін құс. Қорғалжын қорығындағы Те­ңіз көлінде ғана ұялап, жұмырт­қалайды. Қораздары мекиендері­нен ірілеу. Бойының биіктігі – 91-120 сантиметрдей. 

ҚЫСТА ҚОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРЕДІ

Омбы қарда орғып ойнаған елікті көрген де арманда, көрмеген де арманда! Қандай ерке, неткен сұлу! Шаңырақ мүйіз маралдардың тәкаппар жүріс-тұрысы, тіпті, тамаша! Шалт қимылдасаң, жалт бұрылып тым-тырақай қаша жөнеледі. Түз тағысы болған соң үрікпей қайтсін?! Алайда, қолдарында шелегі бар қорықшыларға бауыр басқан сыңайлы. Жапа-тармағай келіп, арпаға бас салады. Осынау көріністі сырттай бақылаудың өзі адамның табиғатқа …

ҚЫСТА ҚОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРЕДІ Read More »

Лицензиясынан айырылған банк

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің 2021 жылғы 11 ақ­пандағы №22 қаулысына сәй­кес “AsiaCredit Bank” АҚ-ның банк және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қыз­метті жүргізуге берген лицензия­сынан айыру туралы шешім қа­былданды.

БАЛА АСЫРАП АЛУШЫЛАР МЕКТЕБІ

Бүгінгі таңда елімізде 107 балалар үйі бар болса, онда 5 мыңнан астам жеткіншек тәрбиеленуде. Жыл сайын, шамамен, 200-250 баланы асырап алады екен. “Неке және отбасы” туралы кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес бұдан былай бала асырап алушылар, ең алдымен, ата-аналар мектебінде оқып, сертификат алуы тиіс.

АУРУХАНАДА – ЖАҢА ЖАБДЫҚ

   Облыстық көпбейінді аурухана тағы бір жаңа медициналық қондырғымен толықты. Францияда шығарылған осызаманғы «Platinum dRF» рентгендік-диагностикалық кешені ауруларды ерте кезінен анықтауға мүмкіндік береді.

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК

  Белгілі өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайдың «Үкілі Ыбырай» атты кітабы жарық көрді. Автор бұл кітабында өз өңірімізден шыққан сазгер, суырыпсалма ақын Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында егжей-тегжейлі баяндайды. Сондай-ақ,  көпке танымал «Гәкку», «Шалқыма» және «Желдірме» сынды әндерін дүниеге әкелген өнерпаздың өзге де туындыларының шығу тарихына кеңінен тоқталады.

АУЫЛДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ

    Қызылжар ауданының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Соколовка ауылы аумағына шектеу шаралары енгізілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 15 ақпаннан бастап бұл елді мекен тұрғындарына той-томалаққа жиналуға, қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды. Сондай-ақ, ауылдықтарға, әсіресе, 65 жастан асқан азаматтарға 22.00-ден 6.00 сағатқа дейінгі аралықта үйден шығуға рұқсат жоқ. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында тәртіпке бағынбайтындардың …

АУЫЛДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ Read More »

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Көктемгі су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Өңір басшысының орынбасары Иван Турков төрағалық еткен жиынға Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары және мемлекеттік органдар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының басшылары қатысты.

«ҚУАНЫШ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

  Петропавлдағы Спорт сарайында волейболдан Ұлттық лига ойындарының 4-туры өтуде. Солтүстікқазақстандық «Қуаныш» клубы үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті.

ҚОРЖЫНДА – ЕКІ ЖҮЛДЕ

Солтүстікқазақстандық паралимпиадашылар халықаралық сайыстарда сәтті өнер көрсетуде. Жерлестеріміздің қоржынында 1 күміс және 1 қола медаль бар.

«QULAGER» ҚАДАМЫ СӘТТІ

Шайбалы хоккейден «Pro hokei ligasy» турниры аясында «Qulager» клубы өз алаңында павлодарлық «Ertis» командасын қабылдап, екі кездесуде де қарсыласын ойсырата ұтты.

Гаражда жасырылған спирт

Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Саумалкөл ауылы тұрғынының гаражынан бес литрлік 125 бөтелкеге құйылып, сатуға дайындап қойған спирт өнімін тәркіледі. Ешқайда жұмыс істемейтін 41 жастағы азамат спиртті жасырын сатып келген. Тиісті лицензиясыз саудаланған спирт тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастырылды, енді ол сот алдында жауап береді.