«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Өңір басшысының орынбасары Иван Турков төрағалық еткен жиынға Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары және мемлекеттік органдар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының басшылары қатысты.

Шарада өңірімізде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі сөз болып, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштерінің әзірлігі пысықталды. Отырысты ашқан Иван Иванович қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде туындайтын қауіптерден тұрғындарды, облыс нысандары мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шараларды алдын ала және сапалы өткізу қажет екенін атап өтті.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов жиналғандарды көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарымен таныстырып, төтенше жағдайларды жоюға дайындалған күштер мен техникалар жайлы айтып берді.
– Алдағы көктемгі су тасқыны кезінде 6 мың тұрғыны бар 79 елдімекенге қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан біз дайындық шараларын қолға алдық. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынын алдын алу және жоюдың кешенді жоспары» атты жол картасы әзірленді. Өткен жылғы тәжірибелерге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгіндері өңір бойынша 13 суөткізгіш құбыр тартылып, 500 метр және 5,5 шақырым жерді қазу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта облыс жолдарында 15 суөткізгіш құбыр тартылып, 18 ауылішілік құбыр орнатылатын болады. Сондай-ақ, 2,5 шақырымдық арық жүйесінқазу көзделген. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 160 елдімекенде су тасқынының қаупі сейіледі деп күтілуде, – деген департамент бастығыжергілікті атқарушы органдардың қысқа дайындығына назар аударды.
Жиынды қорытындылаған Иван Турков Петропавл қаласы және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына тұрғындарды су тасқынынан қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp