«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

   

Қызылжар ауданының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Соколовка ауылы аумағына шектеу шаралары енгізілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 15 ақпаннан бастап бұл елді мекен тұрғындарына той-томалаққа жиналуға, қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды. Сондай-ақ, ауылдықтарға, әсіресе, 65 жастан асқан азаматтарға 22.00-ден 6.00 сағатқа дейінгі аралықта үйден шығуға рұқсат жоқ. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында тәртіпке бағынбайтындардың әкімшілік жазаға тартылатыны ескертілген.

     Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Екатерина Белоусованың айтуынша, шектеу шаралары енгізілген кезеңде ауылдық округ әкіміне еріктілердің көмегімен тұрғындарды қажетті азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және өзге де тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілген.
Өткен тәулікте облыста КВИ жұқтырудың 42 фактісі тіркелді, соның ішінде 26 адам індеттің ауру белгілері бар түріне шалдыққан. Тізімді облыс орталығы бастап тұр. Мұнда бір тәулікте 14 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Одан кейінгі орында Аққайың, Уәлиханов және Айыртау аудандары.  

 

Сурет: https://pkzsk.info/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp