«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Гаражда жасырылған спирт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Саумалкөл ауылы тұрғынының гаражынан бес литрлік 125 бөтелкеге құйылып, сатуға дайындап қойған спирт өнімін тәркіледі. Ешқайда жұмыс істемейтін 41 жастағы азамат спиртті жасырын сатып келген. Тиісті лицензиясыз саудаланған спирт тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастырылды, енді ол сот алдында жауап береді.

Бұл факті облыс аумағында өткізілген «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Оның барысында полицейлер есепте тұрғандарды тексеріп, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтады. Іс-шара өткізілген күндері облыс полицейлері алкогольді өнімдерді сату заңнамасын бұзудың 14 фактісін анықтады. Үш мыңнан астам қолайсыз отбасы, маскүнемдер мен мәселені жұдырықпен шешуге бейім тұрғындар тексерілді. Барлығы 530 құқық бұзушылық тіркелді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің жетекші маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp