«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар адалдық жағында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан уни­верситетінің “Sanaly ūrpaq” жобалық кеңсесі белсенді студенттер арасында шығармашылық сайыс өткізді. Оның барысында сыбайлас жемқорлықтың алдыну алу мәселесі көтерілді.

Қыз-жігіттер үш кезеңнің сұрақтарына жауап беріп, тап­сырмаларды талдап, қазылар алқасының алдында өздерінің көрнекі жобаларын қорғады. Әр сұраққа 1-1,5 минуттан берілді. Осылайша, студенттердің академиялық адалдық ережелерімен, жауапкершілік шараларымен қаншалықты таныс екендігі тексерілді. Бұдан бө­лек, байқауға қатысушылар білім ордасында “Парасатты, адал студенттер” жасақтарын құруды ұсынды. Олар әр факультетте “Құпия сатып алушылар” қағидаты бойынша қызмет атқаратын болады. Сонымен қатар университет аумағында парақорлық мәселелері ашық талқыланатын алаң құру қажеттігі айтылды.
Тартысты сайыстың нәтижесінде студенттік ректораттың мүшелері топ жарды. Студенттер кәсіподағының командасы екінші орынға жайғасса, жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілдері үшінші орынды иеленді.

Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің медиа орталығының бас редакторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp