«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғары лауазымға ауысуға бола ма?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданында тұратын оқырманымыз Мұрат Құсайыновтың қандай жағдайларда ауысу тәртібімен басқа мемлекеттік қызметке орналасуға болады деген сауалын мемлекеттік қызмет істері департаментіне жолдаған болатынбыз. Аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Данияр Басығариннен төмендегідей жауап алдық:

– Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген “Б” корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, мемлекеттік қызметшінің бір лауазымдағы өтілі кем дегенде екі жыл немесе одан артық мерзімді құраса, сол мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі лауазымға, болмаса одан бір деңгей жоғары тұрған лауазымға ауысу тәртібімен орналаса алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасуға жол берілмейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp