«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лицензиясынан айырылған банк

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің 2021 жылғы 11 ақ­пандағы №22 қаулысына сәй­кес “AsiaCredit Bank” АҚ-ның банк және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қыз­метті жүргізуге берген лицензия­сынан айыру туралы шешім қа­былданды.

“Қазақстан Республикасын­дағы банктер және банк қызметі ту­ралы” Қазақстан Республикасы За­ңының 48-бабының 1-тармағы­ның 7), 15) тармақшаларына сәй­кес пру­денциялық норма­тив­тер­ді жә­не (немесе) сақталуы мін­детті бас­қа да нормалар мен ли­миттерді жүйелі түрде бұзу; қа­дағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамау; уәкі­летті органның қо­сымша капи­тал­дандыру жөніндегі талап­та­рын банктің ірі қатысушы­сының орындамауы лицензиядан айы­руға негіз болды.
Лицензиядан айыру күнгі жағ­дай бойынша банк активтерінің мөлшері – 45,4 млрд. теңге, не­сие портфелі – 45,0 млрд. теңге, оның ішінде 31,6 млрд. теңге не­месе банктің несие порт­фелінің 70,0 пайызы 90 күннен астам мерзім бойы жұмыс істемейтін кредиттер болған. Лицензиядан айырылған күні “AsiaCredit Bank” өтімді ак­тивтерінің мөлшері 75 млн. тең­гені құрады, бұл ретте орын­дал­маған клиенттік төлем­дер­дің мөл­шері 8,0 млрд. теңге­ден асқан.
2019 жылғы қазанда Ұлттық банк осы банктің жалғыз акционе­ріне қатысты банкті капиталдан­ды­ру жөніндегі талап түрінде мәж­бүрлеу шарасын қолданды, ол шара орындалмады.
2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы ақпан аралығында банк акционерінің қаражаты есе­бінен әлеуметтік маңызы бар ме­кемелер (мектептер мен ауруха­на­лар) және “Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қоры” АҚ-ы алдын­дағы міндеттемелер толығымен өтелді.
Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жос­парының мерзімі 2020 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды. Банк пру­денциялық нормативтерді бұ­зуды жалғастырды және өз клиент­­тері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша мін­деттемелерді орындамады. Банк­­тің қосымша провизиялар қа­лыптастыру үшін қажетті мен­шік­ті капитал тапшылығы 19 млрд. теңгені құрайды.
“AsiaCredit Bank” АҚ-да 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бо­йынша 23 174 жеке тұлғаның де­позиті бар, олардың жиынтық қал­дығы, шамамен, 19 млрд. теңге. Банк салымшыларының, жеке тұл­ғалардың депозиттерінің 97,7 па­йызы ҚДКҚ кепілдігімен толық кө­лемде өтеледі.
Агенттік төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы №51 бұй­ры­ғы­мен уақытша әкімшілік таға­йын­далды, оған банктің барлық бас­қару органдарының өкілет­тіктері өтті. Уақытша әкімшілік же­текшісі бо­лып агенттіктің қызмет­кері Ер­лан Сәрсенбекұлы та­ғайын­дал­ды. 2021 жылғы 12 ақ­паннан бас­тап Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы заң­на­масында көз­делген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бо­йынша барлық операция тоқта­тылды.
Алма ДӘУРЕНБЕКОВА,
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp