«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салпаң құлаққа пана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халқымыз ежелден табиғаттың бір бөлшегі – итті жеті қазынаның бірі санайды. Тіпті, “Бө­рі­нің тәңірі болса, иттің иесі бар”, “Итті тепкенің – ырысты тепкенің” деп, жыл атауына да ен­гіз­ген. Алайда, иесі үшін төртаяқтының бәрі бірдей қадірлі емес. Бүгіндері иесіз қалып, көше қаң­ғыған бұралқы иттер көбейді. Сұғанақ салпаң құлақтарды ветеринар мамандар аулап, көзін жою­да. Ал кейбірін волонтерлер қамқорлығына алып, оларға жаңа пана тауып беруде. Осыдан үш жыл бұрын облыс орталығында ашылған “Белый Бим” панажайында бүгінде 400-ге жуық төртаяқты бар.

Панажайды ашу идеясы во­лон­тер Екатерина Королеваға тие­сілі. Ол көшелерде тағыланған ит­тердің көбеюі тұрғындардың жа­уапсыздығынан деп отыр. Олар­дың көбі үй жануарын асырай ал­мағандықтан, далаға еркіне жібе­ре салады екен. Әсіресе, саяжай мау­сымы біте сала керексіз бо­лып жатады. Осылайша, мойнында қарғыбауы жоқ, иесіз иттер қа­лаға жайылады. Олар қоқыс жә­шіктерінің маңын торуылдап, ме­ке­мелер мен тұрғын үйлердің ау­лаларында түнейді. Сондықтан Екатерина Королева оларды бір жерге жинап, күтіп-ұстауды жөн көрген. Бастапқыда жаураған кү­шіктерді пәтерінде ұстап келсе, ке­йін танысы Ольга Ульянова пана­жай үшін деп өзінің жер учаскесін ұсынған. Осылайша, бұл жерді рет­ке келтіру жұмыстары баста­лып, жан-жақтан пікірлес адам­дар көмекке келген. Бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарған ерік­тілер құрылыс материалда­рын сатып алып, қоршаулар тұр­ғызған. Нәтижесінде бір қоршауға 15 күшік пен бір ит сыйыпты.
Бүгінгі таңда панажайдың жа­нуарларды қорғау тобы, шама­мен, 40 адамнан тұрады. Олар­дың жетеуі осында жиі келіп жұ­мыс істейтіндер болса, қалғаны үнемі материалдық көмек көрсе­теді. Бастапқыда қаражаттың же­тіспеушілігінен арнайы жұмыс­шыларды жалдау мүмкіндігі бол­маған. Жануарларға күтім жасау міндеті кезекшілік еткен ерікті­лердің мойнына ілінген.
Қытымыр қыста иттердің ашы­ғып, тоңбауы үшін панажайға әр­дайым сабан, жылы киімдер мен көрпелер, азық-түлік қажет. Жү­регі жомарт жандар мұнда қара­құмық, күріш, макарон өнімдерін, қалдық еттерді және сүйектерді әкеліп тапсырады екен. Ит­тер күніне екі рет тамақтанды­рылса, күшіктер мен жүдеу төрт­аяқтыларға көбірек беріледі.
Ауру жануар­лар қамқор тұрғындардан жина­ла­тын қаражат есебінен емде­леді. Панажайға жаңадан қабыл­данған иттердің барлығы каран­тиндік қоршау­лар­ға орналасты­рылады. Екі аптадай паразит­тер­ден тазартылып, им­мунитеті ны­ғайтылады.
Панажайға иттерді еріктілердің өздері жеткізеді. Бұл мақсатта әлеу­меттік желілерде жануарлар­ды қолдау топтарын ашқан.
– Мемлекет жеке шағын панажай­ларға көмектесуі керек. Тұ­рақ­ты қолдау кеңеюге мүмкіндік бе­реді. Біз иттерді барынша күтіп, жаңа иесін табуға көмектесеміз. Бұл олардың көше кезгендерінен әлдеқайда жақсы. Асырап алған­дардың есебін де үзбей жүр­гізе­міз. Итті адамға сеніп тап­сырмас бұ­рын болашақ иесіне мұ­қият қа­раймыз. Өйткені, бізді па­нажа­йымыздағы әрбір төртаяқ­тының тағдыры алаңдатады, – дейді Ека­терина Королева.
Бағзы заманнан адамның досы – итті қаңғыртып жібермей, күтіп ұстай білген жөн. Осындай игі жұ­мыспен айналысып жүрген пана­жай волонтерлерінің еңбегі елеу­сіз қалмады. Осыдан екі ай бұрын “Белый Бим” “Самұрық – 2020” об­лыстық байқауында топ жарды.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp