«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің тұс-тұсында қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл жағынан Қазақстан қазір «жасыл аймақта» тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 11 өңіріміз – «жасыл аймақта». Бұрнағы күні «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласына ілесе «сары аймаққа» қосылды. Сондай-ақ бұл қатарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал індетті жұқтыру әлі өршіп тұрған Павлодар облысы – «қызыл аймақта» қалған бір ғана өңір.

Денсаулық сақтау министр­лігінің 14 ақпандағы мәліметі бо­йынша 23 828 адам коронави­рус инфекциясынан емделіп жа­тыр. Оның арасында 5 295 нау­қас стационарда, 18 533 науқас амбу­латорлық деңгейде ем қа­бы­лдауда: 244 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр, 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратын­да жатыр.
Кешегі дерек бір тәулікте 837 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын көр­сетті. Мұның ішінде індетті ең көп жұқтырғандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысынан (130 адам) болса, одан Алматы қаласы да (110 адам) қалыса қой­мапты. Бұл Алматының «жасыл аймақта» болғанымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет екенін қаперге салады. Өйткені хал­қы тығыз мегаполистерде ахуал күрделеніп, «қызара» түсуі тез-ақ екенін елорданың мыса­лынан аңғаруға болады. Астана айналдырған бір айдың ішін­де бірнеше рет «қызуы» көте­ріліп, «қызыл аймаққа» кіріп шықты. Жал­пы, барлық өңірі­міз – еліміз «жа­сыл» деп жаға­сын жай­лау­ға жібермей, ауру­ды асқын­дыр­мауға аса сақ­тық­пен қара­ғаны жөн.
Бүгінде бейдауа індеттің бір­жола бетін қайтаратын бірден-бір амал вакциналау болып тұр. Елімізде ақпан айынан басталып кеткен бұл үдеріске үміт артып, екпе салдыруға ниеттілердің қа­тары толығып жатыр.
 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp