«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоқиқаз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоқиқаз – дене бітімі ерекше, тұм­сығы имек, сирек кездесетін құс. Қорғалжын қорығындағы Те­ңіз көлінде ғана ұялап, жұмырт­қалайды. Қораздары мекиендері­нен ірілеу. Бойының биіктігі – 91-120 сантиметрдей. 

Қораздары­ның салмағы – 4,5 килограмм, ал мекиендерінікі – 3 килограмдай. Қанаттарының ұзындығы – 35-49 сантиметр. Ересек қоқиқаз­дар­дың қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ұзындығы – 11-16 сантиметр, тұмсықтары­ның екі жағындағы тілімденген “тіс­шелері” қоректенген кезде сүз­гіштік қызмет атқарады. Яғни, ол басын суға батырып, түбін қопа­рып, судағы жәндіктерді сүзіп алып қоректенеді. Ұшып бара жат­қан қоқиқаздың қанаттары лапыл­дап жанған оттың жалынына ұқ­сас болғандықтан, оларды кей ха­лықтар “жалын құс” деп те атай­ды. Қазақстанға наурыз-сәуір ай­ларында ұшып келіп, қазан-қара­шада Иран, Ауғанстан, Пәкістан ау­мағына қоныс аударады. Шаян­тәрізділермен, ұлулармен, жән­дік­тердің дернәсілдерімен, бал­дыр­лардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олар­дың тіршілігі үшін таяз әрі тұз­ды су айдындары өте қолай­лы. Саны жылдан жылға азайып барады. Бұл құстарды атуға мүл­де тыйым салынған. Халықара­лық табиғат қорғау одағының жә­не Қазақстанның “Қызыл кітабы­на” енгізілген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp