«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.02.2021

АУЫЛДА ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ПӘРМЕНДІ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Мамлют ауданындағы екі ауылдық округте болды. Облыстың бас полицейі Новомихайловка ауылындағы учаскелік полиция пунктінің және қызметтік үйдің құрылыс жобасымен танысты, сонымен қатар Қызыләскер ауылының тұрғындарымен кездесті.

ЖОЛ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Өткен жылы республикалық және жергілікті маңыздағы тас жолдарды жөндеу мен қалыпта ұстауға бюджеттен 35,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 27 млрд. теңгесіне 954 шақырым жол жөнделді. Бұл жұмыстарда кемшіліктер де бар. Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеудің 2020 жылғы қорытындысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Үш жылға сотталды

Бірнеше рет ресейлік кәсіпкерден пара алған облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 3 жылға сотталды. Қылмыстық іс жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Ернар Баянғазин айтты.

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

Еліміздің тұс-тұсында қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл жағынан Қазақстан қазір «жасыл аймақта» тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 11 өңіріміз – «жасыл аймақта». Бұрнағы күні «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласына ілесе «сары аймаққа» қосылды. Сондай-ақ бұл қатарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал індетті жұқтыру әлі өршіп тұрған Павлодар облысы – …

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді Read More »