«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«QULAGER» ҚАДАМЫ СӘТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден «Pro hokei ligasy» турниры аясында «Qulager» клубы өз алаңында павлодарлық «Ertis» командасын қабылдап, екі кездесуде де қарсыласын ойсырата ұтты.

Бірінші кездесудің алғашқы кезеңін қос құрама да қарсы шабуылдармен өткізді. Нәтижесінде қызылжарлық команданың ойыншысы Дмитрий Исмагилов алғашқы шайбаның авторы атанды. Дегенмен, көп ұзамай қонақтар есепті теңестірді. Ойынның екінші кезеңінде жерлестеріміз қарсылас команданың қақпасына жауапсыз үш шайбаны салды. Нәтижелі соққылар жасағандар – Кирил Власов, Федор Хорошев және Денис Стасюк. Ал үшінші кезеңде павлодарлықтар бір рет мергендік танытқанымен, жергілікті хоккейші Денис Стасюк матчтың соңғы нүктесін қойып, дубль авторы атанды. Есеп – 6:2.
Қарымта кездесуде де петропавлдықтар жеңісті уысынан жібермеді. Бұл жолы қарсыластың қақпасына 8 бірдей шайба дарыды. Шайба авторлары – Ильгиз Нуриев, Вячеслав Крашенинин, Илья Ахметов, Максим Первухин, Денис Стасюк. Ал Станислав Логинов дубль орындады. Есеп – 8:1.
Осылайша, қоржынында 65 ұпайы бар жерлестеріміз турнир кестесінде бір сатыға көтеріліп, алтыншы орынға тұрақтады.  

Сурет: https://inbusiness.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp