«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУХАНАДА – ЖАҢА ЖАБДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

  

Облыстық көпбейінді аурухана тағы бір жаңа медициналық қондырғымен толықты. Францияда шығарылған осызаманғы «Platinum dRF» рентгендік-диагностикалық кешені ауруларды ерте кезінен анықтауға мүмкіндік береді.

     Соңғы үлгіде жасалған қондырғы пациенттерді тексеру кезінде өте қолайлы. Оның адам жатқызылатын үстелін үш бағытта қолдануға болады. Дәрігер пациентті орнынан қозғамай-ақ, кез келген рентгенографиялық немесе рентгеноскопиялық зерттеу жүргізе алады. Қондырғы шағын, сондықтан тексерілуге келген адамды еш қиындықсыз бірнеше қалыпта рентгенге түсіре алады. Адам ағзасының ең кішкентай деген бөлшектеріне дейін дәл көрсету мүмкіндігіне ие, сонымен қатар сәулелендіру мөлшерін айтарлықтай тежей алады. Кешеннің құны – 175 млн. теңге. Оның әзірге қазір үш маман жұмыс істеп жатыр.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp