«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Белгілі өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайдың «Үкілі Ыбырай» атты кітабы жарық көрді. Автор бұл кітабында өз өңірімізден шыққан сазгер, суырыпсалма ақын Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында егжей-тегжейлі баяндайды. Сондай-ақ,  көпке танымал «Гәкку», «Шалқыма» және «Желдірме» сынды әндерін дүниеге әкелген өнерпаздың өзге де туындыларының шығу тарихына кеңінен тоқталады.

Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған жеке кітаптар қатарының санаулы болғанын ескерсек, бұл еңбекті құнды деп әспеттеуіміз артықтық етпес. Шынымен де, автор халық арасында кеңінен танымал болған сазгерге кітап арнауда жан-жақты ізденіп, оның өмірі мен шығармашылық жолының бізге беймәлім тұстарын жеткізуге тырысыпты. Ерлан Төлеутай Үкілі Ыбырай туралы қағаз бетіне түскен барлық деректерді мұқият саралап, өнертану ғылымы тұрғысынан мұқият зерттеген. Дала дауылпазының бізге жеткен мұрасының барлығын осы еңбегіне топтастырып, нота жазбалары бойынша жүйелеген.
Аталған еңбегі жайлы автордың өзі: «Бұл кітаптың жазылуына Мәдениет және спорт министр Ақтоты Райымқұлова зор қолдау көрсетті, өз бақылауына алып, қадағалап отырды. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде менің жиырма бес жылғы ізденісімнің жемісі – «Үкілі Ыбырай» атты кітабым жарық көрді. «Біткен іске сыншы көп қой» десек те, бұл – ұлы композитор туралы ендей-тегжейлі жазылған тұңғыш кітап. Бұл еңбекте Үкілі Ыбырай туралы айтылмаған ештеңе қалдырмадым десем де болады. Соның айғағындай кітапта оқуға ауыр мәліметтер бар, бірақ тарихи шындық үшін мен мұның барлығын жаба сіркелемей, анық айттым, ашық жаздым», – деген екен. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp