«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДА ЕСІРТКІ ЖАСАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатып келген отбасын анықтады. Есірткілік заттар Петропавл қаласында сатылғаны анықталды. Ал оны жасайтын орын қаладан 120 шақырым жерде Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан екен. Есірткі зертханасында синтетикалық «тұзды» жасау үшін желдетілетін бөлме жабдықталған, колба, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныс костюмдері мен респираторлар болған. Бұл криминалдық бизнеспен ер адам мен әйел, сондай-ақ олардың жақын туысы айналысқан.

Ұстау кезінде полицейлер дозаларға бөлініп салынған және сатуға дайындалған салмағы шамамен 55 грамм синтетикалық есірткі, қаптауға арналған материал, ұялы телефондар, таразы, жазбалары бар дәптер және тағы басқа заттарды тәркіледі. Сондай-ақ, салмағы шамамен 700 грамм синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Екі ер адам мен екі әйел ұсталып, қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 17 кг.-нан астам есірткі затын тәркіледі, заңсыз есірткі айналымымен айналысқаны үшін 42 адам ұсталды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті
 ішкі және сыртқы коммуникациялар
 бөлімінің аға инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp