«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПТІҢ НӘСІБІ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мал шаруашылығы – атадан келе жатқан кәсіп түрі. Мемле­кет тарапынан бұл салаға жыл сайын айрықша қолдау көрсе­ті­леді. Былтыр “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қо­ры” ак­цио­нерлік қоғамының облыстық филиалы 526 млн. тең­ге­нің 30 жобасын қаржыландырған. “Мал шаруашылығын да­мы­ту” бағ­дарламасы аясында шаруа қожалықтары 1400-ге жуық ірі қа­ра сатып алып, бизнес аясын кеңейткен. Басым бө­лі­гі Уәли­ха­нов, Мағжан Жұмабаев, Тайынша және Ақжар аудандарына тиесілі.

Зеңгі баба тұқымын өсіруді қол­ға алғандардың бірі – “Қуаныш” фермерлік қожалығы. Уәлиханов ауданындағы Өндіріс ауылында орналасқан шаруашылықтың бас­шысы Қуаныш Уәлиев 2015 жыл­дан бері атакәсіппен айналысу­да. Сол уақытта алғаш рет мем­лекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген. Екінші деңгейлі банк­тер­­дің бірі бөлген 9,6 млн. теңгеге қажетті техника мен 21 бас ірі қа­ра сатып алған. “Еңбегіне қарай өнбегі” демекші, Қуаныш Уәлиев мұнымен тоқтап қалмай, “Ауыл ша­руашылығын қаржылай қол­дау қоры” АҚ-ның облыстық фи­лиалы арқылы 22,5 млн. теңге алып, қорасын 70 бас тайын­ша­мен толтырады.
– Мемлекеттік қолдаудың ар­қа­­сын­­да арманым орындалды. Бағ­дар­лама аясында алған не­сие де тиімді. Жылдық мөлшер­леменің тек 6 пайызын өтеймін, ал қал­ғаны субсидияланады. Жыл са­йын дәнді дақылдар еге­мін. Яғни, малдың жемазығын өз күшіммен дайындаудамын, – дей­ді шаруашылық басшысы.
Бүгінде кәсіпкердің қорасында 95 ірі қара мен 40 жылқы бар. Ауылдың екі азаматына жұмыс беріп отыр. Көктемде Ғабит Мүсі­репов атындағы ауданнан жеткі­зілген сиырлар жақында бұзау­лай­ды. Сол кезде қосымша жұ­мыс күшін тартуды жоспарлауда.
Ал Тайынша ауданындағы Чка­лово ауылының тұрғыны Михаил Мартысевич фермерлік қожа­лы­ғын 2019 жылы ашқан. Бала кезі­нен қазақы ортада тәрбиеленген ол жылқы шаруашылығымен ай­на­лысуға ұйғарған. Бүгінгі таңда тайыншалық азамат басқарып отырған “Қарғалы” шаруашы­лығында 83 жылқы бар.
– “Мал шаруашылығын дамы­ту” бағдарламасы өте тиімді, же­ңілдетілген несие қалта қақпай­ды. Екі жыл бұрын 3,5 млн. теңге­нің несиесіне 10 жылқы сатып ал­дым. Малды өсіріп мол пайдаға кенелуге болатынына көз жеткіз­дім. Сондықтан бастаған ісімді жал­ғастырып, былтыр тағы да осы бағдарламаның көмегіне жү­гіндім. Бұл жолы 12 млн. теңгеге тағы 25 жылқы алдым, – деген Михаил Мартысевич көктем ай­ларында мал бордақылау ала­ңын тұрғызуды жоспарлап отыр­ғанын жеткізді.
Қа­зақ­­тың жанына жақын мал шаруа­шылығымен, со­ның ішінде сиыр бағу­мен айна­лы­сатын кә­сіпкер Әйбек Әуке­нов­тің өмірлік қағи­дасы да осы. Кә­сіпкер алға­шында жылқы ұста­ған. Айыртау ауданындағы Крас­ногорка ауы­лының тұрғыны 51 симменталь тұқымды тайынша сатып алып­ты. Енді шаруашы­лы­ғын кеңей­туді жоспарлап отыр.
– Мал шаруашылығымен ай­на­лысу пайдалы кәсіп болған соң бастадым. Әзірге қорадағы қара малдың саны аз. Дегенмен, бо­лашаққа жоспарларым бар. Олар іске асса, кәсібім өрге ба­суы тиіс, – дейді іскер азамат.

Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: “Қуаныш” фер­мер­лік қожалығының басшы­сы Қ.УӘЛИЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp