«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Jeŋıstı jylnama

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, жерлесіміз Жанат Жақиянов 2017 жылы АҚШ-тың Огайо штатында өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, “WBA” нұсқасы бойынша “Супер чемпион” атанды. Жерлесіміз кезекті кездесуінде америкалық Роуши Уорреннен басым түсті. Жанат Жақияновқа бұл жеңісі үшін облыс әкімі атынан пәтер кілті табысталған болатын. Бүгіндері спорттық мансабын аяқтаған жерлесіміз Камиль Сафин атындағы бокстан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жетекшілік етуде.

* * *

Қазақ күресі – ұлттық мұрамыз. 2018 жылы Петропавл қаласында “Қызылжар арландары” спорт клубы құрылған болатын. Бүгіндері клуб мүшелері дүбірлі додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Атап айтқанда, балуандар екі мәрте Қазақстан кубогының қола жүлдегері атанып, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өткен ел біріншілігі мен әлем чемпионаттарында сәтті өнер көрсетті. Ал 2019 жылдың соңында жерлестеріміз Алматы қаласында қазақ күресінен өткен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының кубогында топ жарды.

* * *
Қызылжарлықтар үшін Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың орны бөлек. Қызылжар ауданының тумасы 2000 жылы Сиднейде жекелей сында күміс медальға ие болса, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жұлдызы жанған болатын. Топтық сайыста чемпион атанған жерлесіміз кейін “Astana Pro Peam” кәсіби велоклубының тізгінін ұстады.

* * *

2017 жылы Ашхабадта өткен Азиада ойындарында солтүстікқазақстандық балуан Данияр Қаленов грек-рим күресінен чемпион атанды. Жерлесіміз 66 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда Иран елінің балуанынан басым түсті. Бұған дейін оның командаластары күрестен бес күміс, үш қола медаль жеңіп алған болатын.

* * *

2009 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанында жүзу бассейні бар оқу-спорттық кешен пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 1250 шаршы метрді құрайтын нысанның құрылысына ел бюджетінен 1 млрд. теңге бағытталды. Үшқабатты ғимараттағы бассейнде 10 жүзу жолағы бар болса, оған 2,5 мың текше метр су сияды. Мұнда ірі сайыстарды өткізген кезде 400-ге жуық көрерменге арналған трибуна бар, сауна, медициналық қосын, дене шынықтырумен айналысатын тренажер залы бар. Сондай-ақ, келушілер шейпинг, сауықтыру аэробикасымен және су полосымен айналысу мүмкіндігіне ие. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp