«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Депутаттар көмегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллонынан болған жойқын жарылыс халық қалаулыларын да бейжай қалдырмады. Облыстық мәслихаттың депутаты Ольга Клишина зардап шеккендерге көмекке ұмтылды. Ол көп жылдан бері «Клишина» ЖК-не жетекшілік етеді. Мектептер мен ауруханаларға дәмділігі тіл үйіретін тамақ дайындап, жеткізумен айналысады. Оқыс оқиғаның алғашқы күні үй-күйсіз қалған 120 адамға ақ дастарқан жайып, ыстық тағам ұсынды.

 «Біздің ұжымда 70-ке жуық адам еңбек етеді. Олар күніне үш мезгіл ыстық ас дайындап, университет жатақханаларында орналасқан отбасыларды уақтылы тамақтандыруды өз міндеттеріне алды», – дейді Ольга Геннадьевна.
Депутаттың бастамасы өзге халық қалаулылары тарапынан да қолдау тапты. Әріптесі «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко қиын жағдайға душар болған жерлестеріне көмектесуді азаматтық парыз санап, арнайы есепшотқа 300 мың теңге аударды.
Облыстық мәслихаттың аппарат қызметкерлері біркүндік жалақыларын көмек қорына аудару туралы шешім қабылдады.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp