«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен тәулікте елімізге Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен – 802, анықтамасыз – 36;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен – 282; анықтамасыз – 248;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 293 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp