«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің Instagram-пабликтерінің бірінде он екі секундтық бейнежазба пайда болды. «Toyota Camry» көлігін тізгіндеген жүргізушінің заңсыз әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Көлік Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стеласын айналып жүрген. Алайда, бұл көше жаяу жүргіншілерге арналған, сондықтан көліктің жүруіне тыйым салынған. Қызылжарлықтардың ашу-ызасын тудырған бұл бейнекөрініске ондаған желі қолданушысы пікір білдіріп, бұзақының әрекетін сынға алды. Көп кешікпей полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны досына көлік жүргізу қабілетін дәлелдеу үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді. Ол жүргізуші куәлігін жақында ғана алған екен.

Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжановтың айтуынша, аталған факті бойынша материал жинақталды. Жас жүргізуші өзінің кінәсін мойындады. Бұл орайда полицейлер жүргізушілерге жол жүру ережесін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.

Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті
 ішкі және сыртқы коммуникациялар
 бөлімінің аға инспекторы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp