Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру жайында айтты.
«Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады», деді Президент.
https://egemen.kz