«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«AsiaCredit Bank» салымшыларына 7 млрд-тан астам теңге төленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларына агент банк ретінде таңдап алынған «Евразийский банк» АҚ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу 2021 жылдың кеше, яғни 24 ақпанда басталған еді. Бір күнде, 25 ақпанда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтарға агент банк арқылы шамамен 7,06 млрд теңге төледі. Бұл Қордың банк салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің жалпы көлемінің 37 пайызын құрайды.

Еске сала кету керек, кепілдік берілген өтемді алу үшін «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары агент банктің кез келген филиалы немесе бөлімшесіне барып, немесе www.eubank.kz сайты арқылы төлем алуға өтініш толтырулары тиіс. Өтемді алу үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Егер салымшының орнына басқа тұлға өтініш беретін болса (сенімхат бойынша өкіл, мұрагер, басқа да құқық иеленуші), онда агент банкке: сенімхат, нотариус куәландырған мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе басқа да құқық белгілеуші құжаттар ұсынылады. 
Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp