Бұл күндері ауыр атлетикадан онлайн-режімде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста жерлесіміз Алина Колиушко алтыннан алқа тағынды.
Олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Алина Колиушко 55 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол жұлқа көтеру сайысында 73 килограмды бағындырса, серпе көтеруде 91 килограмды еңсерді. Екі кезең қорытындысы бойынша 164 килограмдық көрсеткішпен ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.