«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстандықтар ковидке қарсы препараттардың бағасын Dari.kz қосымшасынан қадағалай алады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі кезде ковидке қарсы препараттардың бағасын қадағалау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесін бере бастады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша антиковидті препараттардың бағасы нарықтық бағалармен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген. Бұл шаралар республика жұртшылығының антиковидті препараттарына шығынын азайту мен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алуға бағытталып отыр.

Осы орайда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы препараттарға  шекті баға қоюдың ерекше тәртібі көзделіп отыр. Яғни, көтерме және бөлшек саудада маркетингтік шығыстарсыз, үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес дәрілердің тізімі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына жіберіледі.
Дәрілік заттарды сараптау орталығы бас директорының орынбасары Ержан Жүнісовтың айтуынша, бұл тізімдегі дәрілік препараттарға сұраныс көп болғандықтан, көтерме және бөлшек саудада 30 пайыз мөлшеріндегі маркетингтік шығыстар алып тасталған. Сондай-ақ, көтерме және бөлшек үстеме баға екі есе төмендеген. Егер де бұрын көтерме үстеме баға 20 пайызға жеткен болса, онда антиковидті препараттар үшін тиісінше 10, егер бөлшек үстеме баға 55 пайызға дейін жеткен болса, антиковидті препараттар үшін 27 пайызға төмендеген. Мысалы, Кардиомагнил 75 мг №30, 75 мг №100, 150 мг №30 препараты үшін бөлшек үстеме баға 22,5 пайызды, ал Кардиомагнил 75 мг №100 препараты 17,5 пайызды құрайды. Осылайша, барлық антиковидті препараттарға арнайы тәртіп қолданылатын болады.
Қазақстан аумағында дәрілік заттардың бағаларын реттеу жөніндегі өкілеттіктер Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген. Ал дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан қымбат сату әрекеті үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.  
Ендігі кезекте қазақстандықтар Dari.kz мобильдік қосымшасының көмегімен дәріханалардағы қандай да бір препараттың бағасын өз бетінше бақылай алады. Егер де препараттардың бағасы  жоғары болса, онда арнайы бағанды толтыру арқылы шағым қалдыра алады.
Осы орайда дәрілік заттардың емдік қасиеттері оригинал препаратпен бірдей болып келетін аналогтары бар екендігін, мысалы, кардиомагнил препаратының (белсенді заты ацетилсалицил қышқылы) 23 аналогы, ибупрофеннің (белсенді заты бар ибупрофен) 56 аналогы, сумамедтің (белсенді заты азитромицин) 50 аналогы, ксарелтоның (белсенді заты ривароксабан)  4 аналогы, клексанның (белсенді заты натрий эноксапарин) 2 аналогы бар екенін ескерген жөн.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp