Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 18 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін екенін ескертеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Сурет: https://24.kz/