«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Болашақ ананың мемлекеттік төлемдері қалай рәсімделеді?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ болса да, босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек.

Мамандар пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, сәби күтіп жүрген келіншектерге кеңес береді.
Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.
Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет:
– Жеке басын куәландыратын құжат;
– Банк шоты жайлы мәлімет;
– Жұмысқа жарамсыздық парағы;
– Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.
«Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады. Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметінің басшысы Жаңыл Әпетова.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp