Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне “баламыз осы атасына тартсын”, “бойына осы атасының қасиеттері қонсын” деген ниетпен балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған.
Қырғыз халқының әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматов үйіне қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов қадірлі мейман болып барғанда, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.