«Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Гелика» ЖШС-нің ұжымы науқас балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Олар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта тіркеуде тұрған, иммун тапшылығы вирусымен ауыратын (АИТВ) балаларға дәрумендер кешені мен жеке гигиеналық құралдарды табыстады. Қоғам тарапынан қамқорлық көрген балалар мен олардың ата-аналары қайырымды жандарға ризашылығын білдірді.
Александра КОНДРАТОВА,
ЖИТС-тің алдын алу және оған
қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың баспасөз хатшысы.