Ернұр үйге кіре сала сөмкесін төрге қарай лақтырып жіберді. Содан соң алдынан жүгіріп шыққан анасына киімін шешіп беруді бұйырды. Күлпәш мектептен ашулы оралған ұлының көңілін аулауға тырысып, айтқанын бұлжытпай орындады. Дәмді-тәттісін де алдына тосты. Жалғызының аяғына шөгір, маңдайына жел тигізбей өсіріп отырған ана байғұс Құдайдан жылап жүріп сұрап алған перзентінің бар еркелігін көтеруге әзір. Бұл дұрыс па?
Алаш қайраткері, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың ұрпақ тәрбиесіне қатысты “Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету”, деп айтқаны бар. Иә, бала тәрбиесі салғырт қарауды көтермейді. Дана халқымыз “Баланы жастан” деп текке айтпаған. Сондықтан бұл мәселеге ерекше байыппен қараған.
Отбасын – тәрбие мектебі ретінде қарастырсақ, онда ата-ананың алатын орны ерекше. Балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың моральдық құқығы ғана емес, заң жүзінде міндеті болып саналады. Өкініштісі сол, өзіміз көріп жүргендей, кейбір ата-ана балаға дұрыс тәрбие беру қалағанын әперу, айтқанын істеу деп ұғынады. Үлде мен бүлдеге орап өсіргісі келеді. “Ішкені алдында, ішпегені артында” балалар да бардың қадірін білмеуі мүмкін.
Қазір қоғам да, заман да басқа. Әрі бұрынғыдай емес бүгінде отбасында бала саны шектеулі. Ата-ана көзінің ағы мен қарасындай ұл-қызын ешкімнен кем қылғысы келмейді. Сондықтан да болар қазір “Шыбық тимей шыңқ етер” балалар көбейді. Айтқанын істетіп, қалағанын әпергізеді. Бірақ еркеліктің де шегі бар. Есейгенде еркелік ессіздікке айналса сол қиын.
– Қазір балалардың жүйкесі жұқа. Мінез-құлқында да өзгеріс бар. Бірден жылап қоя береді. Айтқанын істетпей, тыныштық таппайды. Немерелерімнен осы құбылысты байқаймын. Баланың мінез-құлқының өзгеруіне телефонның да өз әсері бар деп ойлаймын. Олардың қолдарынан телефон түспейді. Көңілдерін аулап, басқа нәрсеге алдарқатсаң да, телефонға алаңдап тұрады. Өзім де анамын. Бірақ бұрынғы және қазіргі балаларды салыстыруға келмейді, – деген зейнеткер Нұрила Темірқызы өзі де көпбалалы отбасында тәрбиеленгенін, ата-анасы ешбір баланы шектен тыс өбектемеу керектігін атап өтті. Кейуананың айтуынша, бұрын әр отбасында бес, он баладан болған. Олардың айтқанын істеп, сұрағанын әперетіндей мүмкіндік жоқ. Қайта қиын-қыстау кезеңдерде бұғанасы қатпаған балалар еңбекке жегіліп, ата-анасына қолғабыс етті. Ересектері соңынан ерген бауырларына қарады. Сөйтіп, балалар бір-бірін сүйреп, ер жетті. Бірақ бұл бұрын ата-ана балаға қатыгез болды деген сөз емес. Керісінше қазіргідей перзентін тастап кету, жетімдер үйіне өткізу деген болған жоқ. Содан-ақ, аға ұрпақтың отбасы құндылығы мен бала тәрбиесіне немқұрайды қарамағанын аңғаруға болады.
Нұрила Темірқызы бүгінгі бала тәрбиесіндегі кемшін тұстарға өкініш білдірді. Қоғамда белең алып отырған мұндай көрініс әр жас отбасына тән. Алайда, күн сәулесін түсірмей, бетіне жел тигізбей өсірген ұл-қыздарымыздың болашағы қандай болмақ? Бала түгіл, үлкендер де телефонға тәуелді мына заманда тәрбиедегі жағымсыз жат қылықтан таяу арада құтылмасымыз анық. Бұл орайда психологтардың да өз айтары бар.
– Дұрыc тәрбиeнiң бeрiлмeуi, пcихoлoгиялық жaғдaйлaрдың бoлуы, зoрлық-зoмбылық көру, кoмпьютeрлiк oйындaрғa құмaрлық пен тағы басқа келеңсіз жағдайлар балада агрессия тудырады. Сондықтан отбасында балаға дұрыс тәрбие берілуі керек. Кішкентай кезінде бала неге әдеттенсе, сол әдетті өмір бойы өзімен бірге алып жүреді. Ата-ана баланың алдында әрқашан беделді бoлу кeрeк. Бaлa aтa-aнacынa қaрaп, oлaрдың ic-әрeкeттeрiн жәнe мiнeз-құлықтaрын қaйтaлaйды. Cол себепті үйдегі ұл-қызды дұрыc тәрбиeлeу үшiн, aлдымeн үлкендер өздерінің сөйлeгeн cөздeрi мeн ic-әрeкeттeрiн бaқылaп, қaтeлiктeрiн түзeтулері кeрeк, – дейді Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның педагогпсихологы Әсел Каршалова.
Әсел Сәруарқызы ғaлымдaрдың көпшiлiгi мiнeз-құлықтың зaңдылықтaрын қoршaғaн әлeумeттiк жaғдaйлaрғa, oқиғaлaрғa, әрeкeттeр мeн ceбeптeргe дe бaйлaныcты игeрeтінін, мұндай жағымсыз қылықтын алдын алу әдістерін де атап өтті. Ол үшін адам кeшiрiмдi бoлуы қажет екен.
Қaзiргi зaмaндa уaқыт өтe құнды. Aдaмдaр үнeмi бір нәрсеге асығыс. Ал олардың тeз aшулaншaқтығын ecкeрiп, жағымсыз қылықтарын жүрeккe жaқын қaбылдaудың кeрeгi жoқ. Кeшiрiмдi бoлғaн aдaм, aгрeccияғa жaуaп бeрмeй, oны өршiтпeйдi жәнe өз дeнcaулығын caқтaйды. Психолог бала бойында да осы қасиетті қалыптастыру қажет дейді. Пандемияға байланысты қашықтан оқытудың да баланың мінез-құлқының өзгеруіне тигізген әсері бар. Алайда, бала бойындағы жағымсыз әсер, агрессия, ашу бұдан бұрын да байқалғанын айту керек. Ол бір күнде қалыптасқан әдет емес. Сондықтан бұл үлкен мәселе.
Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде балалардың 80 пайызы компьютер мен ұялы телефонға толықтай тәуелді. Виртуалды өмірге қазірден бастап бой алдырған балалардың үлес-салмағы еселеп артуда. Ал дәрігерлер болса, балалардың виртуалды өмірге көп уақыт бөлуі ағзаға зиян екенін айтуда. Өйткені тәуліктеп компьютер алдында отыратын балалардың ойлау қабілеті төмендеп, оқуға құлшынысы азаяды. Бұл орайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы компьютерлік ойынқұмарлық қазір нашақорлық пен араққұмарлықпен қатар тұрғанын мәлімдеді. Ал бүгінде ақпараттық тәуелділіктен балаларымызды қайтіп құтқарамыз деген сауал ойға оралады. Компьютер, телефондағы ойындар мен мультфильмдердің жойқын күшті кейіпкерлеріне еліктеушілік балалар арасындағы қылмыстардың орын алуына жол ашуы ықтимал екенін де естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан дені сау балалардың біртіндеп психологиялық ауытқушылығы бар балалардың қатарына қосылуы қоғам трагедиясы десек қателеспейміз. Ал статистикалық деректер еліміздегі психикалық және психологиялық ауруларға ұшырағандардың әрбір төртіншісі балалар екенін растап отыр. Өкінішті-ақ. Сонда қайтпек керек?
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.