Газетіміздің оқырманы Қайролла Кәрімұлының қандай жағдайларда мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан шеттетілетіндігі туралы сауалына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Әсемгүл Бегалина жауап береді:
– Мемлекеттік қызметші “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы” Заңның 48-бабына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан шеттетіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінінің үстінен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және қызметтен шығару құқығы бар лауазымды қызметкер (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысын сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымды қызметкердің (органның) актісі шығарылады.