«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда солтүстікқа­зақ­стандық құтқарушылар көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды пысықтап, төтенше жағдай­дың алдын алуға дайындық үс­тінде. Ондағы мақсат – өңір тұр­ғындарын тасқын судан төнген қауіптен қорғап, дүние-мүліктерін сақтау. Алдын ала болжам бо­йынша облыс аумағындағы тоқ­санға жуық ауылды су басуы мүм­кін. Сондықтан қауіпті аймақта тұрып жатқан азаматтар сақтық шараларын білгендері жөн.

Қауіпсіздік ережесін ұстанған жағдайда су тасқынының салда­рын жеңілдетуге болады. Атап айт­қанда, көктемде қар ери бас­таған кезде, қолайсыз ауа райын­да немесе сел жүре бастаған кез­де өзен жағалауына аялдауға бол­майды. Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орна­ласқан саяжайға барудан бас тартқан жөн. Өзендердің үстінен өтетін те­рең және кең жырадан, ка­налдар­дан, орлардан және бас­қа да конс­трукциялардан өтуге ты­йым са­лынады. Жазатайым оқи­ға бол­мау үшін белгісіз жер­лерден, өзен­дердің, арықтардың, басқа да мұздың үстімен жүр­меңіздер. Әр ата-ана бұл уақытта бала­лар­дың өзендердің, қазан­шұңқыр­лар­дың, терең жыралар­дың жа­нында ойнауына рұқсат бер­меу­лері тиіс. Балықшылар да су дең­гейі толық түскенге дейін ба­лық аулаудан бас тартқандары жөн.
Егер өзен тасыған кезде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз кел­месе, қауіпсіздік ережелерін сақ­таңыз! Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабылды есті­ген жағ­дайда биік жерлерді, өзіңіз тұра­тын орынға жақын орналас­қан әрі сирек су басатын дөңдерді пана­лауға болады. Сондай-ақ, сол жер­лерге апаратын қысқа жол­­­ды біліп алыңыз және есте ұс­таңыз. Эва­куациялау болған жағ­дайда бірін­ші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілер­дің тізімін алдын ала жасаңыз. Жы­лы киімдерді, та­мақ­тарды, су­ды, сондай-ақ, дәрі-дәр­мектерді арнайы қапшыққа салып қойы­ңыз. Қайық пен басқа да жүзу құ­рал­дарын дайында­ңыз. Оларды су алып әкетпеуі үшін міндетті түр­де байлап қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл болған кезде суды, газды және электр тогын өшіріп, жанып тұрған пешті сөндіріңіз. Егер уақытыңыз жеткілікті болса, құнды заттар мен мүліктерді, тұ­щы су қорын және ұзақ мерзімге сақ­тауға келетін консервіленген тағамдарды үйдің жоғары қаба­ты­на немесе шатырына тасып шы­ғарыңыз. Бірінші қабаттағы бар­лық есік-терезелерді жауып, олар­ды тақтаймен немесе фа­не­рамен шегелеген жөн. Өзіңіз­бен бірге алатын құжаттар, ақша, ба­ға­лы заттар, медициналық қобди­ша, жылы киім мен аяқкиім, үш күн­ге жететін тамақты сөмкеге салып, қауіпсіз ауданға көшу үшін бел­гіленген уақытта эвакуа­ция­лық жинақтау пунктіне жетіңіз.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp