Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдері тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұйым басшысының құттықтауы ШЫҰ Хатшылығының Бейжіңдегі ғимаратында Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шараның аясында көрсетілді.
«Жыл сайын келетін Наурыз жаңа өмірді білдіреді. Былтыр Наурыз мерекесі жаһандық пандемияның алғашқы күндерімен тұспа-тұс келген. Биыл Наурыз рухы жанданды. Мейрам қоғам мен ұрпақ сабақтастығы арасындағы көпір іспетті», деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.
https://egemen.kz