«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тамаша мезгіл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі жаңару күні – Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні – бағ­зыдан келе жатқан ұлық мере­кеміз. Бұл күні елдің ынтымақты бірлігі мен тату-тәтті тірлігін, бо­ла­шаққа деген сенімін, ұлттар ара­сындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынастардың жарқын көрінісін айқын се­зі­не аламыз. Бір кездері ұмыт қал­ған бұл мейрам егемендіктің ар­қа­сында қайтадан ортамызға оралды. Наурыз – күн мен түн те­ңе­ліп, барша тіршілік атаулы оя­нып, айналаны шуаққа, жылы­лық­қа, мейірімге бөлейтін тама­ша мезгіл. Бұл мейрамды ата-бабаларымыз ежелден-ақ асыға күткен. Қыс бойы көріспеген ха­лық бір-бірінің үйіне қонаққа ба­рып, арқа-жарқа араласқан. Ке­ліспей қалған адамдар кешірім сұрасып, татуласқан.

Тәуелсіздігіміздің осынау 30 жылдық тарихында елімізде үл­кен жобалар мен бағдар­ламалар жүзеге асырылып, қыруар жұмыс атқарылды. Аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдік аренадағы өз орнын белгіледі. Ендігі кезекте қолымыздағыны көзіміздің қара­шығындай сақтап, бағалай білуі­міз керек. Халқымызда “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқа­сын” деген нақыл сөз бар. Ендеше, ұлыс оң болсын! Барлығы­ңызды әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңыз­ға амандық, бақ-береке және бір­лік тілеймін!

Махаббат ҮМІТЖАНОВА,
велоспорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp