«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов онлайн форматта азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Ақжар ауданы Айсары ауылының тұрғыны Самал Қасенованы телефон байланысы мәселесі толғандырады екен. 205 адам тұратын елді мекен Ленинград кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқанына қарамастан әлі күнге дейін ұялы байланыс пен мобильді интернетке қоыслмаған. Бұл сұраққа Құмар Іргебайұлы: «Өңірде елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту мәселесі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жобасы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ұялы байланыс операторлары арасында ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн. Аталмыш бағдарлама 5 жылға бағдарланған. 2025 жылға қарай барлық ауылдар ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілетін болады», – деп жауап берді.
Аққайың ауданына қарасты Қиялы ауылынан хабарласқан Татьяна Артемчук клуб ғимаратының шатыры, есік-терезелері қалпына келтірілгенін, су құбыры жөнделгенін айта келіп, алдағы жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат жайлы сұрады. «Былтыр ғимаратқа 23,1 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша 47 млн.теңге бөлінді», – деді Құмар Іргебайұлы.
Петропавлдық Дмитрий Иль «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша студент-жастарға нақты қолдау қажеттігін сөз етті. Оның ойынша, бұл салаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көптеп тарту керек. Сонда кадр тапшылығын шешуге және агроқұрылымдарды кәсіби мамандармен толықтыруға мүмкіндік туады. «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы білім және ауыл шаруашылығы басқармаларына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесе отырып, мәселені зерттеп, болашақ талапкерлерге арналған әлеуметтік пакет қалыптастыруды тапсырды.
Облыс орталығының тұрғыны Шоқан Тоқмұрзинның сұрағы жол құрылысына қатысты қойылды. Ол асфальт төсеу кезінде арнайы реактив тәсілін қолдануды ұсынды. Сонда асфальт-бетонның аязға, суға төзімділігі артып, жол жамылғысының қызмет ету мерзімі ұзарады. Құмар Ақсақалов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынысты зерттеуді, озық тәсілді «Қызылжар» еркін экономикалық аймағында пайдаланып көру мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.
Ілияс СӘБДИНОВ,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp