«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЛІМДІ ЖЕРДЕ СЕМІРГЕН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік желіде солтүстікқазақстандық полицейлер жерлеу бюросы қызметкерлеріне қайтыс болғандар туралы мәліметті сатыпты-мыс деген жаңалық жарияланған болатын. Облыстық полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді.

«Бұл мәселе бойынша сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасы бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс өтуде. Кінәлі адамдарды қамауға алу, сондай-ақ олардың тікелей басшыларын жауапқа тарту мәселесі сотқа дейінгі тергеудің қорытындысы бойынша шешілетін болады», – делінген департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы таратқан хабарламада.
Жаға ұстатар бұл жаңалық не рас, не жалған екені әзірге белгісіз. Құзырлы органдар бұл ақпаратты растай да алмай, әрі жоққа да шығармай отыр. Желіде тараған ақпаратта үш полицей жерлеу рәсімдерімен айналысатын агенттіктерге қайтыс болғандар туралы мәлімет беріп, сол үшін ақы алып отырғаны жазылған. «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді» деуші еді. Әлемді жайлаған нәубет кезінде мәйітті жерлеумен айналысатын агенттіктер кез келген жолмен қалтасын қампайтудан тайынбағанына, оларға тәртіп сақшылары сыбайлас болғанына қарап не күлеріңді, не жыларыңды білмейді екенсің.
Роза ШӘКЕНОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».  

Сурет: https://pkzsk.info/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp