«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста қауіпті індет жұқтырған науқастардың жалпы саны 12933 адамға жетті. 24 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 7 адамнан ауру анықталды. Алтауында ауру белгісі бар.

Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда бір ғана науқастан тіркелсе, Петропавл қаласында 2 адам қауіпті инфекция жұқтырды. ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 азаматтан және аурудың алдын алу мақсатында бір адамнан алынды.
Жалпы, облыста полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталған уақыттан бері облыста «COVID-19» инфекциялық вирусына – 292 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Ал өткен тәулікте ПТР әдісімен 513 адамнан сынама алынды.
Еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда облыста жағдай тұрақты. Бірақ мамандар әлі де сақтанып, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды ескертеді. Өйткені карантин талаптарын ұстанбаса, ауру өршуі ықтимал. Әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс.


Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы.

Сурет: https://www.aa.com.tr/ 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp