«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗ КІЛЕМДЕ – ЖАС БАЛУАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс орталығында қазақ күресінен қала біріншілігі өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған дода 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. 125 жас балуан 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Алдымен боз кілемге жеңіл салмақтағы спортшылар шықты. 29 килограмда өнер көрсеткен Мансұр Мұрат ақтық сында Әділхан Еркінұлымен белдесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 32 килограмм салмақта Арсен Хамит, 35-те Санжар Байыржан жеңіске жетсе, 38 килограмм дәрежесінде бақ сынағандар арасында Мақсат Сәбиев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Ақниет Нұрымбет (42 кг.), Азамат Кәкішев (46 кг.), Әділхан Мұхамедин (50 кг.), Нұртілек Нұрлан (55 кг.), Ахмет Қаппергенов (60 кг.) және Алдияр Күлтаев (66 кг.) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен медальдар табысталды.
Аманжол НҰРТАЗИН.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp