Теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы да қымбаттады.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22-24 наурыз аралығымен салыстырғанда 1,94 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 423,12 теңге болды.
Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 421,29 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,81 теңге сатылса, ал сатып алу – 422,24 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,67 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу – 422,45 теңге.
https://egemen.kz