Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келгендіктен, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғанын хабарлаймыз.
Естеріңізге салсақ, бүгін техникалық ақаулықтарға байланысты мамандандырыған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының арқасында база іске қосылып, автоХҚО-лар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда.