Қытайдың континенттік бөлігінде бір тәулік ішінде бір де бір ауру жұқтыру және бір дебір өлім жағдайы тіркелмеген.
ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, шетелден әкелінген тек 10 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген.
Еурокомиссия Еуроодақ аумағында өндірілетін препарат дозаларын экспорттауға тыйым салуды енгізуді жоспарлап отыр. Басты себеп ЕО елдерінде коронавирусқа қарсы вакцинаның жетіспеушігі және AstraZeneca британдық-шведтік вакцина өндірушісінің жеткізіліміне қатысты мәселелер болып отыр.
Бразилия, бір күнде 3 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болу себебінен, АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен 24 сағат ішінде 3 251 адам қайтыс болып, коронавирусты жұқтырудың 82 493 жаңа жағдайы анықталды. COVID-19 пациенттерінің көп болуына байланысты елдің 26 штатының 24-інде және ел астанасынындағы ауруханалар артық жүктемемен жұмыс істеуде.
Ұлыбританияда алғашқы локдаун басталғаннан бергі бір жыл ішінде коронавирустық инфекциядан 126 000-нан астам адам қайтыс болған. Ұлыбритания парламенті пандемия құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, бір минуттық үнсіздік бүкіл елдегі ауруханалар мен басқа да мекемелерде өтті. Еске алу белгісі ретінде тұрғындар тарапынан үйлерінің есік алдарында кешке таман шамдар мен майшамдарды жаққан. “Лондон көзі” шолу дөңгелегі, Ливерпульдегі Liver Building және аттас жағалау маңындағы қалада орналасқан Блэкпул мұнарасы сары түспен жарықтандырылған.
Германия үкіметі алдағы айларда елде COVID-19 вакциналарының өндірісін едәуір артыруға ниеттеніп отыр. Үкіметтің халықты вакцинациялау жөніндегі уәкілі Кристоф Крупп мамыр айында аптасына шамамен 6 миллион доза вакцина шығаруға болатындығын айтты. Крупп бұл көрсеткішті арттырған жағдайда вакцинация тек арнайы орталықтарда ғана емес, отбасылық дәрігерлерден де алуға болатындығын жоққа шығармады.
COVID-19 ауруының тез өсіміне байланысты Йеменде төтенше жағдай режимі енгізілді. Елде тек ауыр белгілері бар науқастар ғана коронавирусқа тексерілетіндігіне қарамастан, ақпан айынан бастап COVID-19 расталған жағдайлардың саны едәуір өсіп отыр. Соңғы тәулікте індеттің 98 расталған және 168 расталмаған жағдайы тіркелді.
https://egemen.kz