Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аудандық әкімдіктердің біріндегі білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін Үкімет резерві есебінен облыстық білім басқармасы сатып алған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді.
Мемлекетке келтірілген шығын құны 12 млн. теңгеден асады.
Қалған мән-жай тергеуге байланысты жария етілмейді.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.