«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰНЫҚ ӨНЕР ИЕЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Халықаралық театр күніне арналған іс-шара өтіп, қызметкерлер марапатталды.

Кеш барысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жамантаев әдемі өнерді, шынайы өмірді, талас пен тартысқа толы тағдырларды сомдайтын сахнагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, ол ұзақ жылғы адал еңбегі, өңіріміздің мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Зейнеш Сабырова мен Нұрбол Асқаровқа облыс әкімінің Құрмет громатасын табыс етті. Жиында Жанар Насырова, Құртқа Мусина басқарма басшысының Алғыс хатына ие болды. “Театрға қосқан үлесі үшін”, “Үздік қызметкер”, “Театр жанашыры” мен тағы басқа театрішілік аталымдар бойынша қызметкерлерге құрмет пен марапат көрсетілді. Өз кезегінде театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Біржан Жалғасбаев көрерменге тұщымды дүние ұсынуда актерлер ғана емес, сахна сыртында талай адам еңбек ететінін, әр қызметкердің алатын орны ерекше екенін айтты. Тәрбие мектебі – театрдың дамуына сүбелі үлес қосып, өнерімен көрермен көзайымына айналған Гүлмира Әлет пен Айбол Қасым үздік актерлердің қатарынан көрінгенін айтқан жөн.
Бұл шара марапаттаумен шектелген жоқ. Кәсіби мерекеде көтеріңкі көңіл-күйге бөленген сахнагерлер өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp